
Мехико, 2024 жылғы 15 қаңтар – Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексиканың Бас Конгресінде «Қазақстан-Мексика» Достық тобының төрағасы, төменгі палатасының депутаты Хосе Мигель де ла Крус Лимамен кездесті.
Қазақстан-Мексика ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері жөнінде тақырыптық әңгіме өтті. Парламентаралық диалогты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Х.М. де ла Крус Лима ағымдағы жылдың маусым айында өтетін Мексика Президенті мен Бас Конгресі екі палатасының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқандарының басталғаны туралы хабардар етті. Мексика депутаты бұл сайлау тарихи сипатқа ие және соңғы бірнеше онжылдықтағы ең ауқымды болатынын баса айтты.
Т.Пірімбетов сайлаудың сәтті өтуін тіледі және оларға қазақстандық депутаттарды халықаралық байқаушылар ретінде шақыру мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш білдірді. Х.М. де ла Крус Лима бұл өтініштің оң шешімін уәде етті.
Әңгіме барысында қазақстандық дипломат еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабарлады. Қазақстан көшбасшысының «Егемен Қазақстан» газетіне, еліміздің бас ақпараттық басылымы, берген сұхбатының негізгі тезистері туралы бөлек хабардар етті. Сұхбатта Мемлекет басшысы реформалардың іске асырылуына баға беріп, таяу болашақтағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын белгіледі.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Мексика арасындағы түрлі салалардағы көпжоспарлы қатынастарды дамыту үшін елеулі әлеуетті атап өтті. Осыған байланысты Х.М. де ла Крус Лима қазақстандық IT-технологиялардың дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, IT-индустрия саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларына назар аударды.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстар мен пікір алмасуды жалғастыруға уағдаласты.
Анықтама: «Қазақстан-Мексика» парламенттік Достық тобы Бас Конгресте 2022 жылдың сәуір айында құрылды. Қазіргі уақытта топқа 15 депутат кіреді.