
2024 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Пірімбетов Министр Алисия Барсена төрағалығымен өткен Мексика Сыртқы істер министрлігінің Алқасы XXXV отырысының ашылу салтанатына қатысты.
А.Барсена құттықтау сөз сөйлеп, онда Мексика Сыртқы істер министрлігінің өткен жылғы қызметін қорытындылады, сондай-ақ 2024 жылға арналған басымдықтар мен жоспарларды жариялады.
Іс-шара аясында Т.Пірімбетов Мексика Сыртқы істер министрлігінің Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс жөніндегі Бас директоры Х.О.Триппен, сондай-ақ Мексиканың Түркия мен Қазақстандағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Х.Л.Мартинес Эрнандеспен кездесті. Дипломаттар екіжақты қазақстандық-мексикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.