
2023 жылғы 30 қарашада Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Тимур Пірімбетов және Гвадалахарадағы Қазақстанның Құрметті консулы Хорхе де Хесус Гонсалес Агилар арасында кездесу өтті.
Х.Гонсалес Агилар Құрметті консулдықтың 2023 жылы атқарылған жұмысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Т.Пірімбетов Х.Гонсалес Агиларға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Құрметті консулдық қызметіндегі экономикалық бағытты күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты Қазақстан-Мексика қатынастарының және Гвадалахарадағы Құрметті консулдықтың қызмет істеуінің әртүрлі аспектілерін жан-жақты талқылады.
Кездесу іскерлік және сындарлы сипатында өтті.
Анықтама: Қазақстанның Гвадалахарадағы Құрметті консулдығы Халиско және Наярит штаттарындағы консулдық округпен 2018 жылы ашылды.