Мексика СІМ-де Қазақстан-Мексика қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

Мексика СІМ-де Қазақстан-Мексика қатынастарын  одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

Мехико, 2023 жылғы 28 қараша – Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексика Сыртқы істер министрлігінің Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс жөніндегі Бас директоры Хосе Октавио Трипп Вильянуэвамен кездесті.

Достық рухында өткен әңгіме барысында дипломаттар Қазақстан-Мексика ынтымақтастығын дамыту перспективасының ағымдағы жағдайын талқылады.

Тараптардың екі ел арасында кең және өзара тиімді әріптестік орнатуға деген өзара ұмтылысы атап өтілді. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Мексиканың түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар екендігі деген пікірге келді.

Дипломаттар екіжақты саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға, мәдени байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды.

Осыған байланысты, Т.Пірімбетов Қазақстанда Мексика Елшілігінің ашылуы біздің елімізбен, сондай-ақ жалпы алғанда Орталық Азия өңірімен қарым-қатынастардың жандануына ықпал ететінін баса айтты.

Х.О. Трипп Вильянуэва, өз тарапынан, Мексика Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде қарастыратынына назар аударды.

Халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық оң қаралды. Қазақстандық және мексикалық сыртқы саяси бастамалар екі тараптан да түсіністік пен қолдау табады.

Алдағы сұхбатта Т.Пірімбетов жоғары лауазымды мексикалық дипломатты мемлекет пен қоғамды кең және іргелі жаңғыртуға бағытталған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу мақсатында тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.