Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін Мексиканың Сыртқы істер министрлігінде табыс етті

Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін  Мексиканың Сыртқы істер министрлігінде табыс етті

Мехико, 2023 жылғы 28 қараша – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Мексика Сыртқы істер министрлігі Протоколының Бас директоры Джонатан Чаит Ауэрбахқа сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.

Тапсыру рәсімінен кейін тараптар Қазақстан мен Мексика арасындағы екіжақты қатынастар жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ Мехикодағы қазақстандық Елшіліктің жұмыс істеу мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Д. Чаит Ауэрбах қазақстандық дипломатқа жұмысына табыс тіледі және Мексиканың Сыртқы істер министрлігі тарапынан Елшіліктің қызметін кеңінен қолдайтындығына сендірді.