Мексика депутаттары Қазақстан Президентінің Жолдауымен таныстырылды

Мексика депутаттары Қазақстан Президентінің Жолдауымен таныстырылды

Мехико, 2023 жылғы 27 қыркүйек – Мехико қаласында «Қазақстан-Мексика» Достық тобының кезекті отырысы өтті. Қазақ тарапын Уақытша сенімді өкіл Олжас Исабеков өкілдік етті.

Қазақ дипломаты өз сөзінде мексикалық заң шығарушыларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Мексика арасындағы ынтымақтастықтың, әсіресе, сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимыл, визалық режимді одан әрі ырықтандыру саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ Мексиканың Қазақстандағы Елшілігінің алдағы ашылу аспектілері толық талқыланды. Осылайша, аталған отырыс Қазақстан мен Мексика СІМ басшылары арасында БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өткен келіссөздерге үйлесімді толықтыру болды.

Сонымен қатар, кездесу аясында Мексика Парламентінің қабырғасында Қазақстан Республикасы күніне орай «Қазақстан - Мексикамен достық көпірі» атты фотокөрме ашылды. Қазақстан Елшілігі мен Мексика Парламенті арасындағы достық және жылы қарым-қатынастарды ескере отырып, фотокөрмені Мексика Конгресінің Депутаттар палатасының Төрайымы Марсела Герра Кастильо ашты.