«Қазақстан: Еуропа Азиямен кездесетін орын»: Конституция күні қарсаңында Гвадалахарада фотокөрме ашылды

«Қазақстан: Еуропа Азиямен кездесетін орын»: Конституция күні қарсаңында Гвадалахарада  фотокөрме ашылды

Мехико, 2023 жылғы 5 тамыз - Мексиканың мәдени елордасында, Латын Америкасындағы ең ірі туристік және мәдени орталықтардың бірі Гвадалахара қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан: Еуропа Азиямен кездесетін орын» атты фотокөрме ашылды.

Үстіміздегі жылғы 25 қыркүйекке дейін жалғасатын экспозиция Гвадалахара қаласының «Чапультепек» орталық галереясында ашық аспан астында орналасқан. 25-тен астам фотосурет еліміздің көпқырлы мәдениетін, ғасырлық дәстүрін, бай тарихи мұрасын, алуан түрлі табиғатын, бірегей сәулеті мен серпінді заманауи дамуын бейнелейді.

Фотокөрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Елшілігімен бірге Мексиканың Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет министрлігі, Халиско штаты, Гвадалахара мэриясы басшылығының, дипломатиялық корпустың, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөздерінде мексикалық әріптестер алдағы Конституция күнімен құттықтап, осы мерекеге орай Қазақстан атына тұрақты және серпінді даму жөніндегі тілектерін арнады. Көрмені ашу кезінде Қазақстанның Мексикадағы Уақытша сенімді өкілі Олжас Исабеков өткен жылғы жалпыұлттық референдумда қабылданған конституциялық түзетулердің елімізді жан-жақты жаңғырту негіздерін одан әрі нығайтуға елеулі практикалық үлес қосқанын атап өтті.

Мексика өкілдері назар аударғандай, көрменің маңызды символдығы биыл Қазақстанда Мексика Елшілігінің ашылуы болып табылады.

Мексиканың екінші үлкен қаласы Гвадалахара осы фотокөрменің Мексика қалаларына гастрольдік сапарының кезекті нүктесі болды. Мексика елордасының тұрғындары мен қонақтарын екі ай бойы қуанышқа бөлеген экспозиция өзінің саяхатын 2022 жылғы желтоқсанда Мехико қаласында бастаған.