Мексика - Қазақстанның Латын Америкасындағы маңызды әріптесі

Мексика - Қазақстанның Латын Америкасындағы маңызды әріптесі

Қазақстанның Мексикадағы Уақытша сенімді өкілі Олжас Исабековтің осы елдің Сыртқы істер министрі Алисия Барсена Ибаррамен кездесуі өтті.

Олжас Исабеков Барсена Ибарра ханымға Қазақстан Премьер-Министрінің Орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің оның Мексика Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуына орай құттықтауы мен жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Сұхбаттасушылар сонымен қатар қазақстандық-мексикалық ынтымақтастықтың аса өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақ дипломат осы жылы Мексиканың Астанадағы Елшілігінің алдағы ашылуы екі елдер қатынастарындағы тарихи кезеңі боларына сенімін білдірді.