
Құрметті Мексика және Орталық Америка елдерінде тұратын Қазақстан азаматтары!
Мексикаға ең жақын орналасқан сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының келесі қалалардағы дипломатиялық өкілдіктерінде орналасқанын хабарлаймыз:
- Вашингтон қ. (АҚШ);
- Нью-Йорк қ. (АҚШ);
- Сан-Франциско қ. (АҚШ);
- Оттава қ. (Канада);
- Бразилиа қ. (Бразилия).
2023 жылғы 19 наурызда өтетін Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге ниет білдірсеңіз, Сіздерге ұйымдастырушылық қолдау көрсету үшін Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігіне келесі байланыс деректері арқылы хабарласуды ұсынамыз: +525552026888, электрондық пошта: kazconsuladomexico@gmail.com