
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығына сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.
Осыған орай, алдағы сайлауда дауыс беруге ниет білдіргендер үшін Мехико қаласына жақын орналасқан сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының келесі қалалардағы дипломатиялық өкілдіктерінде орналасқанын хабарлаймыз:
- Вашингтон қ. (АҚШ);
- Нью-Йорк қ. (АҚШ);
- Сан-Франциско қ. (АҚШ);
- Оттава қ. (Канада);
- Бразилиа қ. (Бразилия).
Толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігіне келесі байланыстар арқылы хабарласуға болады: +525552026888, электрондық пошта: kazconsuladomexico@gmail.com.
Назарларыңызға рахмет!
Құрметпен,
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі