
Мехико, 2022 ж. 27 шілде. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Мексика Сыртқы істер министрлігінің Жаһандық экономикалық импульс Бас басқармасының басшылығымен ынтымақтастық перспективаларымен таныстырылды. Бейнеконференция режиміндегі кездесу мексикандық тарапының бастамасы бойынша Қазақстанның Мехикодағы Елшілігінің қолдауымен өтті.
Қазақстандық тарап АХҚО қызметінің қағидаттары, құрылымы мен ерекшеліктері туралы егжей-тегжей ақпаратты жеткізді. Шетелдік компаниялар үшін Орталықта бизнес жүргізудің ерекше шарттары мен жеңілдіктеріне айрықша назар аударылды.
Мексика Сыртқы істер министрлігі, өз кезегінде, АХҚО ұсынған құралдар мексикандық бизнес үшін практикалық қызығушылық тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Мәселен, бұл тұрғыда, атап өтілгендей, FinTech және жасыл қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық перспективалы бағыттардың бірі болуы мүмкін.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар байланыстарды жалғастыруға келісті. Мексикандық тарап бизнес-қауымдастықтармен, атап айтқанда, Мексиканың Сауда-өнеркәсіптік палаталарымен АХҚО-мен ынтымақтастықты орнату және дамыту бойынша одан әрі қадамдарды талқылайтынын хабарлады.