Қазақстанның Уақытша сенімді өкілі Мексиканың Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесу өткізді

Қазақстанның Уақытша сенімді өкілі  Мексиканың Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесу өткізді

Мехико, 2022 жылғы 21 шілде. Қазақстанның Уақытша сенімді өкілі Олжас Исабеков Мексика Сыртқы істер министрінің орынбасары Кармэн Морено Тосканомен кездесті.

 Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелерін талқылады.

Шарт-құқықтық базаны кеңейтуге қатысты мексикандық тарап құқықтық қорғау саласындағы келісімдердің жобаларын қарастыру үдерісін жеделдететініне сендірді.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Мексика азаматтарының өзара сапарлары үшін қолайлы жағдайларды одан әрі нығайту мақсатында ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Кездесу соңында Олжас Исабеков Мексика Сыртқы істер министрлігі басшылығының жуырда Мехико қаласында өткен Қазақстанның мәдени-ағартушылық тұсаукесеріне белсенді қатысқаны үшін Кармен Морено Тосканоға алғыс білдірді.