Мексиканың СІМ-дегі кездесулер туралы

Мексиканың СІМ-дегі кездесулер туралы

Бүгін Қазақстан Республикасының Елшілігі екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы күн тәртібін қарау мақсатында Мексиканың Сыртқы істер министрлігінде кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Саяси үйлестіру жөніндегі бас директоратының қызметкерлерімен Қазақстан мен Мексика өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды. Ал, Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Бас директоратында екіжақты Қазақстан-Мексика ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелері бойынша уағдаластықтардың орындалуын қарастырылды.