
Мехико, 2022 жылғы 20 маусым. Мехикода Қазақстан Елшілігі Депутаттар палатасындағы «Қазақстан-Мексика» достық тобымен алғашқы жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның Уақытша сенімді өкілі Олжас Исабеков Достық тобының төрағасы Хосе Мигель де ла Крус Лиманы 2022 жылғы 5 маусымда өткен жалпыұлттық конституциялық референдумның қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі ережелерімен таныстырды.
Тараптар Қазақстан-Мексика ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша бірлескен жұмысқа өзара мүдделілік танытты. Олардың арасында өзара дипломатиялық қатысуды нығайту және визалық режимді одан әрі ырықтандыру болып табылады.
Сұхбаттасушылар биыл атап өтілетін дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы екі елдің өзара іс-қимылында жаңа бет ашатынына сенім білдірді.
Еске салатын жайт, Қазақстан Елшілігінің қатысуымен «Қазақстан – Мексика» достық тобын құру рәсімі ү.ж. 19 сәуірде орын алған болатын.