
Мехико, 2022 жылғы 6 маусым. Қазақстан Республикасының Мексикадағы Уақытша сенімді өкілі (УСӨ) Олжас Исабеков Мексиканың СІМ Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс бойынша Бас директоры Ампаро Эрендира Ангиано Родригеспен кездесу өткізді.
Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Мексика ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Қазақстанның УСӨ-і 2022 ж. 5 маусымда Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдумның нәтижелері туралы Мексиканың сыртқы саяси ведомствосының өкілін ақпараттандырып, ерекше назар аударды. Сонымен бірге, оның нәтижелері қазақстандық қоғамды демократияландыру процестерін жандандыру жөніндегі үлкен жұмысқа бастама беретінін атап өтті.
Екіжақты ынтымақтастық аясында Олжас Исабеков «Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы ең ірі сауда серіктесі» екенін мәлімдеді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды арттыру үшін екі елде бар мүмкіндіктерді таныстыру мақсатында іскерлік форумды бейнеконференция режимінде өткізуді пысықтауға уағдаласты.
Қазақстан мен Мексика арасындағы шарттық құқықтық базаны кеңейту мәселелері бойынша сағаттар салыстырылды. Қазіргі уақытта тараптардың жұмысында экономикалық, құқық қорғау және мәдени салалардағы құжаттардың жобалары бар.
Сонымен қатар, Қазақстан өкілі екі ел арасындағы визалық режимді ырықтандыру мәселесін қозғады. Тараптар осы бағытта нақты бірлескен қадамдар жасауда.
Сондай-ақ, сұхбаттастар Қазақстанда Мексиканың Елшілігін ашу мәселесіндегі ілгерілеушілікті талқылады.