Мексиканың Парламентінде Қазақстанмен достық тобы құрылды

Мексиканың Парламентінде Қазақстанмен достық тобы құрылды

19 сәуір 2022ж., Мехико. Мексика депутаттар палатасында «Қазақстан – Мексика» Достық тобы құрылды. Тиісті рәсім Мексика парламентінің төменгі палатасының ғимаратында ҚР Елшілігінің дипломатиялық құрамының, Мексика депутаттарының және Мексика СІМ өкілдерінің қатысуымен өтті.

«MORENA» билеуші партиясының мүшесі, федералды депутат Хосе Мигель де ла Крус Лима достық тобының төрағасы болып тағайындалды.

Сөз сөйлеу барысында ү.ж. қаңтарында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толғаны атап өтілді, сондай-ақ өткен жылдың қорытындысы бойынша Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы ірі сауда серіктесіне айналғанына назар аударылды.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде Мексика СІМ Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Ампаро Эрендира Ангиано Родригес ханымға Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың атынан Қазақстан мен Мексика қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді.

Мексика Парламентінің қабырғасында «Қазақстан – Мексика» достық тобын құру екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды неғұрлым жоғары деңгейге шығаруға қосымша серпін беретініне сенімдіміз.

Өткен іс-шараның толық бейнетрансляциясын келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=u0X9G0mzjCo