
2022 жылғы 10 ақпан, Мехико қ. Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі Мексика ұлттық автономды университетінің (UNAM) Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Франсиско Хосе Триго Тавермен кездесу өткізді.
Мексикадағы және бүкіл Латын Америкасындағы ең ірі жоғары оқу орны болып табылатын UNAM Университетімен бірге бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарымен білім және ғылым саласындағы ағымдағы ынтымақтастығы қарастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Мексиканың жоғары оқу орындары арасында академиялық және ғылыми алмасуды арттыру мен нығайту бойынша алдағы перспективалар мен бірлескен іс-қимылдар талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері шетел азаматтарын испан тіліне оқытуға арналған көптеген оқу бағдарламалары бар UNAM жанындағы Шетелдіктерге арналған оқыту орталығының (CEPE) оқу жайларымен және жұмысымен танысты.