Мексикандық БАҚ өкілдеріне берілген брифинг туралы

Мексикандық БАҚ өкілдеріне берілген брифинг туралы

13.01.2022 ж. Мехико қ. ҚР-дың Мексикадағы Елшілігі Қазақстандағы жақында болған қайғылы оқиғаларға байланысты жергілікті БАҚ үшін онлайн брифинг ұйымдастырды.

Шара барысында 2022 жылдың қаңтар айының басындағы еліміздің түрлі өңірлерінде болған оқиғалардың егжей-тегжейлі хронологиясы, сондай-ақ олардың негізгі салдары атап өтілді. Мексикандық БАҚ өкілдері оқиғаның себептері мен Қазақстан билігі қабылдаған шаралар туралы хабардар етті. Бірқатар шетелдік БАҚ-та тиісті ақапарат дұрыс емес көрсетілгендіктен, құқық қорғау органдары мен ҚР Қарулы Күштерінің «бейбіт шерушілерге» емес, қарулы лаңкестерге қарсы тұруына ерекше назар аударылды.

Қазақстанның ҰҚШҰ-ға елге бітімгершілік күштерін жіберу туралы өтінішінің заңды негізділігі туралы жергілікті БАҚ хабардар болды. Сондай-ақ олардың миссиялары аяқталып, ү.ж. 13 қаңтардан бастап Қазақстан аумағынан шығуы басталғаны туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда елдегі жағдай толығымен тұрақталып, жағдай Қазақстан билігінің толық бақылауында екені айтылды.

Елшілік Премьер-Министр А.Смайылов басқаратын Қазақстанның жаңа үкіметінің жасақталуы және оның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев қойған бірінші кезектегі міндеттер туралы хабардар етті.

Брифинг соңында мексикандық БАҚ өкілдеріне Қазақстандағы қайғылы оқиғалар туралы бейнеролик көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.