
2021 ж. 30 қараша, Мехико қаласы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Мексика Конгрессінің (елдің парламенті) кітапханасында Қазақ әдебиеті бұрышының салтанатты ашылуы өтті. Қазақстанның Елшілігі сыйға тартқан кітаптар топтамасы қазақстандық замандастар мен классиктердің шығармаларынан, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың испан тіліне аударылған кейбір еңбектерінен тұрады.
ҚР-дың Уақытша сенімді өкілі Серік Сұранқұлов мексикандық тарапқа іс-шараны ұйымдастырғаны және мемлекеттің бас заң шығарушы органының қабырғасында жоғарыда аталған қазақстандық кітаптар коллекциясы үшін алаң ұсынғаны үшін өз алғысын білдірді. Ол бұл ұлықтау Қазақстан мен Мексика халықтарын одан әрі жақындастырудың маңызды қадамы екенін атап өтіп, келесі жылы 30 жыл болатын дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап екі ел арасындағы ынтымақтастық достық пен өзара құрмет қағидаттарында дамып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, іс-шараға қатысқан тұлғаларға Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдағы негізгі жетістіктері туралы ақпарат жеткізілді.
Өз кезегінде, Конгресс кітапханасының директоры Мария Васкес Вальдес ханымы Қазақстан өкілдеріне осындай жомарттық үшін алғысын білдіре отырып, мексикандық тарапы үшін Қазақ әдебиеті бұрышының ашылуы – Мексика Парламентінің қабырғасында коронавирустық пандемия басталғаннан бері өткізіліп жатқан алғашқы іс-шара болып табылатындығы ерекше құрмет екенін атап өтті. Өз сөзінің соңында М.Васкес Вальдес Қазақ поэзиясының антологиясында испан тіліне аударылған қазақстандық ақын Күләш Ахметованың «Қазақстаным» өлеңін оқып берді.
Ұлықтау рәсімінің соңында жұртшылыққа Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара қонақтарының арасында Мексика Депутаттар палатасының Халықаралық қатынастар бөлімінің бас директоры Хосе Мария Эрнандес Вальехо, бірқатар мексикандық сенаторлар мен депутаттар, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, болу елінде аккредиттелген елшілер мен дипломатиялық корпус қатысты.
Айта кететін жайт, іс-шара Canal del Congreso федералды телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.
Оның толық бейнетаспасын келесі сілтеме арқылы табуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=olSVN-SOYXY.