Доминикан Республикасына жұмыс сапары туралы

Доминикан Республикасына жұмыс сапары туралы

Санто-Доминго қаласына жұмыс сапары барысында Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрінің екіжақты байланыстар жөніндегі орынбасары Хосе Хулио Гомеспен, Сыртқы істер министрінің консулдық және көші-қон істері жөніндегі орынбасары Хатцел Романмен, Сыртқы істер министрлігінің Азия және Океания департаментінің директоры Рейнальдо Эспинальмен, сондай-ақ Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң департаментінің және Бас прокуратурасының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер аясында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, Қазақстан Республикасы мен Доминикан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту мақсатында жекелеген салаларда нақты келісімдерге қол жеткізілді.