Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінің ОПАНАЛ Бас конференциясының XXVII сессиясына қатысуы туралы

Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінің ОПАНАЛ Бас конференциясының XXVII сессиясына қатысуы туралы

Мехико қ. 2021 жылғы 30 қыркүйек. 2021 жылғы 30 қыркүйек күні Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі виртуалды форматта өткен Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттігінің (ОПАНАЛ) Бас конференциясының (ұйымның жоғарғы органы) XXVII-ші сессиясына қатысып, оның негізгі пікірталас шеңберінде баяндама жасады.

Қазақстанның өкілі іс-шара қатысушыларына Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30-жылдығы мен Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймағының құрылғанына 15 жыл толғанын бөлек айта отырып, Қазақстанның ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы халықаралық бастамалары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, жақын арада Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймағы мен ОПАНАЛ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың маңыздылығы атап өтілді. Сөз соңында қазақстандық тарап ОПАНАЛ-ға мүше елдердің өкілдерін ү.ж. 4 қазан мен 4 қараша аралығында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетінің жұмысы аясында қаралатын Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация бойынша жаңартылған қарарды қолдауға шақырды.