Мексикаға сапарлар туралы

Мексикаға сапарлар туралы

Қазақстан Республикасының Елшілігі Мексиканың билігі өз шекараларында бақылауды күшейткенін қайта хабарлайды. Нәтижесінде әлемнің көптеген елдерінің азаматтары Мексика аумағына кіргізілмей, кері бағытта қайтарылуда.

Осыған орай, мексикандық шекарада қиын жағдайға тап болмау мақсатында және аталған елге жоспарланған сапарды бұзбау үшін Мексикаға туристік және іскерлік сапарлардан бас тарту ұсынылады.

Басқа мақсаттармен сапар жасау қажет болған жағдайда, Мексика билігін уақытылы хабардар ету үшін сапарға қатысты барлық ақпаратты ҚР-дың Мехико қаласындағы Елшілігіне алдын ала хабарлау қажет.

Сонымен қатар, кез келген елдің мемлекеттік шекарасы арқылы өту – әр мемлекеттің ішкі саясаты болып табылады. Осыған байланысты қазақстандық өкілдік тарапынан көмек көрсету Мексика аумағына еркін кіруге кепілдік бермейтініне назар аударамыз.