
18 маусым 2021 жыл, Мехико, Санто-Доминго. Қазақстан Республикасының Уақытша Сенімді өкілі Серік Сұранқұлов онлайн-конференция форматында Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрінің Консулдық және көші-қон мәселелері жөніндегі орынбасары Хатсель Романмен кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасындағы визалық режимді оңайлату, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер талқылады.