
29 тамызда атап өтілетін Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығы қарсаңында, бүгін Латын Америкасында және Кариб теңізінде ядролық қаруға тыйым салу ұйымының (OPANAL) Бас хатшысы Флавио Роберто Бонзанинимен кездесу өтті. Келіссөздер барысында Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ пен Латын Америка аймағының 33 мемлекеті кіретін OPANAL арасындағы ынтымақтастықты институттандыру мәселелері талқыланып, Елшілік пен ОПАНАЛ хатшылығының арасындағы одан әрі ынтымақтастық жоспарлары баяндалды.