Қазақстанда 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді уақытша тоқтату мерзімі 2021 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды

Қазақстанда 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді уақытша тоқтату мерзімі 2021 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды

Қазақстанда COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 мемлекеттің, оның ішінде Мексика азаматтарына бір жақты визасыз режим уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 каңтарға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттік жол жүруші ҚХР мен Үндістан азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылды.

Демек, 2021 жылғы 1 мамырға дейін Қазақстанға сапар шегетін Мексика азаматтары ҚР-дың Мексикадағы Елшілігінің консулдық бөлімі арқылы, тиісті санаттағы визаны алуға тиісті.

Қазақстан Республикасының визалары ҚР визасын беру тәртібіне сәйкес рәсімделеді (ҚР миграциялық қызметінде рәсімделген шақыруы (визалық қолдауы) болуы міндетті).