Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы қатынастар

Негізгі күндер

1992 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан мен Мексика арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.

2014 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мексикада Елшілігін ашу туралы» жарлығына қол қойылды.

2022 жылғы сәуірден бастап Олжас Исабеков Қазақстан Республикасының Мексикадағы Уақытша сенімді өкілі болып табылады.

2019 жылғы қарашадан бастап Мексиканың Қазақстандағы Елшісі (резиденциясы Анкарада) болып Хосе Луис Мартинес Эрнандес тағайындалды.

Саяси диалог

Елдер арасындағы екіжақты байланыстар жоғары және аса жоғары деңгейде сақталуда. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2013 жылғы 7 сәуірде Қытайдағы Бао Азия форумы, 2013 жылғы 5 қыркүйекте Ресейдегі «G20» cаммиті және 2016 жылғы 1 сәуірде АҚШ-та өткен Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Мексика Президентімен Э.Пенья Ньетомен кездесті.

2014 жылғы қыркүйекте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Мексикаға алғашқы ресми сапары ұйымдастырылды. 2022 жылғы 26 наурызда Катарда Доха форумы аясында Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Б.Тілеуберді мен Мексика Сыртқы істер министрі М. Эбрардпен екіжақты кездесу өтті.

2017 жылғы тамызда Қазақстанда Қазақстан-Мексика СІМ аралық консультациялардың бірінші раунды өтті. 2021 жылғы желтоқсанда бейнеконференция арқылы 2-ші раунды, 2022 жылғы желтоқсанда департамент директорлары деңгейінде СІМ аралық консультациялардың 3-ші раунды өтті. Қазақстан мен Мексика халықаралық ұйымдар аясында жемісті жұмыс жасауда.

Қазақстан мен Мексика арасындағы парламентаралық ынтымақтастық белсенді дамуда. 2022 жылғы 19 сәуірде Мексиканың Депутаттар палатасында «Қазақстан-Мексика» достық тобының ұлықтау рәсімі өтті. 2022 жылғы 18-20 қарашада федералдық депутат Хосе Мигель де ла Круз Лима бастаған Мексика Бас Конгресінің Депутаттар палатасының делегациясы кезектен тыс президенттік сайлауға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысу үшін Қазақстанға сапар жасады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2022 жылы Қазақстан мен Мексика арасындағы екіжақты сауда көлемі 192,9 млн долларды (экспорт – 1,8 млн доллар, импорт – 191,1 млн доллар) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,23%-ға өскенін көрсетеді.

Қазақстаннан экспорт құрылымының негізгі көрсеткіштеріне негізінен күкірт пен ферроқорытпалар жатады. Импорт құрылымының негізін қант қамысы, дәрі-дәрмек, құбырлар, фитингтер, сұйық және ауа сорғыштары, компьютерлер, электр қозғалтқыштары мен генераторлары, медициналық жабдықтар және т.б құрайды.

Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі Қазақстанның жетістіктерін насихаттауға және екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған мәдени-танымдық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Екіжақты диалогтың дамуына Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу ықпал етті, онда Мексика жетістіктері Латын Америкасының павильонында орналасты.

2022 жылғы 16 шілдеде Мехико қаласында Елшілік Әлемдік мәдениеттер Ұлттық музейінің көмегімен Қазақстан мен Мексика арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстанның мәдени-гуманитарлық саласы бойынша таныстырылымы өтті.

2022 жылғы 19 тамызда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институты мен Мексика колледжі (Colegio de México) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2022 жылғы желтоқсанда Мехико қаласында Қазақстанға арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Шарттық-құқықтық база

Қазақстан мен Мексика арасындағы ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасы саяси консультациялар, визалық мәселелер және т.б.  салалардағы құжаттар құрайды. Бұл ретте, «KaznexInvest» АҚ мен «ProMexico» инвестициялық агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды атап өткен жөн.

 

Дата публикации
08 октября 2019
Дата обновления
22 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
11 ноября 2024
ҚР азаматтығынан жоғалту туралы
25 апреля 2024
Қазақ тілінің онлайн курстары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары