Мексикада тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстаннан құжаттарды, оның ішінде некеге тұру қабілеттілігі (отбасылық жағдайы) туралы анықтамаларды, сондай-ақ Апостиль мөртабасы бар (талаптарға сәйкес Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды жою туралы 1961 жылғы Гаага конвенциясы) құжаттарды Қазақстанның дипломатиялық және консулдық өкілдіктері арқылы талап етеді.
Құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнама;
3) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);
5) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
6) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;
7) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);
8) консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.
1) құжаттарды талап ету мәселесімен құжаттарды алуға құқығы жоқ тұлға жүгінсе;
2) өтініш беруші сауалнамада қарастыруға қажетті мәліметті ұсынбаса;
3) өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаса, құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдаудан бас тартылады.
Құжаттарды қарау мерзімі 4 айдан 5 айға дейін.
Құжаттар пошта арқылы қабылданбайды! Консулдық бөлім өтініш берушілердің пошта арқылы жіберген құжаттарының сақталуына жауап бермейді.
НАЗАРЫҢЫЗ ҮШІН!
Жеке тұлғалардың келесі өтініштері қанағаттандыруға жатпайды:
Өлім туралы куәлікті марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар қызметтік мақсатта талап ете алады.
16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және кәмелетке толмағандар тәрбиесінде тұрған балалар мекемелерінің әкімшілігі сұрата алады.
Әскери билеттер мен қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етілмейді.