
Мексика – Латын Америкасындағы Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі.
Қазақстандық статистика деректері бойынша, екіжақты тауар айналымы 2023 жылда 500,4 млн. АҚШ долл. (экспорт – 4 млн. АҚШ долл., импорт – 496 млн. АҚШ долл.), бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 150%-ға артық. Жалпы, соңғы бірнеше жылда тауар айналымының өсуін атап өту қажет: 2019 ж. - 69,6 млн. АҚШ долл.; 2020 ж. - 84,8 млн. АҚШ долл.; 2021 ж. - 170,2 млн. АҚШ долл.; 2022 ж. - 196,4 млн. АҚШ долл.
Қазақстандық импорт құрылымында 2023 жылғы қаңтар – шілдеде жеткізілімдердің негізгі үлесі қорғасын кендері мен концентраттарға (20,1 мың тонна) тиесілі болды. Сонымен қатар, Мексикадан 542 электр қозғалтқышы мен генераторы (2,8 есе көп), 6,7 мың компьютер (+7,7), 704 жеңіл автомобиль (+2,2), 943 телефон және ұялы байланыс құрылғылары (+48%) әкелінді. Сорғыларды жеткізу 3,2 есе, 98,7 тоннаға дейін, центрифугалар мен сұйықтықтарды сүзуге арналған жабдықтар 1,7 есе, 160 тоннаға дейін өсті. Сонымен қатар, Қазақстан уыт сырасын – 537,3 тонна (6,1 есе көп) және алкоголь тұнбаларын – 380,8 тонна (+1,9) сатып алды.
2023 жылы Қазақстаннан Мексикаға экспорттың негізгі баптары: ферроқорытпалар – 421,3 тонна (+4%); құю шелектері мен конвертерлер – 122,2 тонна. Сонымен қатар, Мексика ағымдағы жылы Қазақстанда лифттерден, грейдерлерден және көтергіштерден қосалқы бөлшектерді – 2,3 тонна, акрил полимерлерінен – 18 тонна сатып алды.
Осылайша, Қазақстаннан Мексикаға экспорттың негізін металлургиялық өнімдер, машиналар мен жабдықтар (ферроқорытпалар, қара металдардан жасалған бұйымдар, ауыспалы жұмыс құралдары, көтергіш жабдықтар (кеме крандары, кабель-крандар, жылжымалы көтергіш фермалар, тиегіштер), іштен жану қозғалтқыштарын тұтатуға немесе іске қосуға арналған электр жабдықтары, құбырларға арналған вентильдер мен ұқсас арматура құрады, бұрандалар, болттар, гайкалар және ұқсас қара металл бұйымдары).
Импорттың құрылымын ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік тауарлары, машиналар мен жабдықтар, автомобильдер, қорғасын концентраттары, қара металдардан жасалған бұйымдар, дәрілік заттар, есептеу техникасы құрайды.
2017 жылғы мамырда құрамына аграрлық, энергетикалық және тау-кен металлургия секторларының өкілдері кірген мексикалық бизнес-делегациясы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында экономикалық блок министрліктерінің, сондай-ақ «KAZAKH INVEST», «ҚазМұнайГаз», «Тау-Кен Самұрық», «ҚазАгро», «Бәйтерек», «ҚазЭкспортГарант» ұлттық компаниялары мен холдингтерінің басшылығымен кездесулер өтті. Кездесулер «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында өтті. Бұдан басқа, кездесулер мен келіссөздердің нәтижелері бойынша мексикалық кәсіпкерлер «Қазақстанда жасалған» брендімен көптеген өнім түрлерін сатып алуға қызығушылық танытты, Қазақстанның тау-кен өндіру саласына инвестиция салуға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, мексикалық кәсіпкерлер қазақстандық нарықта ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілетуге қызығушылық танытты.
Сауда-экономикалық салада әлеуетті пайдалану мақсатында 2018 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Құрметті консулының Гвадалахара қаласындағы Халиско және Наярит Штаттарының өңірлерін қамтитын консулдық округпен екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы кеңсесі ашылды.
2023 жылғы 14-16 ақпанда Мехико қаласында «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ өкілдерінің Мексиканың ресми және іскер топтарымен кездесулері өтті. Мексикалық компанияларға Қазақстанның заманауи инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды.