
Жалпы мәліметтер
Қазақстан Республикасы және Мексика Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 14 қаңтарда орнатылды.
2015 жылы Мексика елордасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.
А.Тұрғанбеков 2024 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі.
Мексиканың Түркия Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Республикасында қоса атқарушы болып табылады.
Саяси қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы саяси қатынастар достық сипатымен және өзара түсіністіктің жоғары деңгейімен сипатталады. Байланыстар жоғары және жоғары деңгейде жүзеге асырылады.
ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Мексика президенті Э.Пенья Ньето арасындағы жоғары деңгейдегі алғашқы кездесу 2013 жылғы 7 сәуірде Қытайда Боао Азия форумы аясында өтті.
2013 жылғы 5 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында «G20» саммиті аясында ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Мексика президенті Э.Пенья Ньетоның кезекті кездесуі өтті.
ҚР Сыртқы істер министрінің Мексикаға алғашқы ресми сапары 2014 жылғы қыркүйекте өткізілді. Аталған сапар шеңберінде Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық талаптарды жою туралы үкіметаралық келісімге, Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялар тетігін белгілеу туралы Меморандумға, сондай-ақ Мексика Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының академиялық ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Сапар аясында алғашқы Қазақстан-Мексика бизнес-форумы өтті және «KaznexInvest» пен «ProMexico» мексикалық инвестициялар агенттігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары К.де Икаса бастаған Мексика делегациясы 2017 жылғы тамызда ЭКСПО-2017 көрмесінде Мексиканың ұлттық күнін мерекелеу аясында Астанаға барды.
Халықаралық форум аясында Дохада (Катар) 2022 жылғы 26 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Мексика Сыртқы істер министрі М. Эбрардпен екіжақты кездесуі өтті.
2023 жылғы 21 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы шеңберінде ҚР Премьер-Министінің Орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу мен Мексика Сыртқы істер министрі А.Барсенаның екіжақты кездесуі өтті және оның барысында Мексика тарапы Қазақстанда Елшілік ашу жөнінде ниетін тағы да растады.
Парламентаралық диалог дамуда. Қазақстандық және мексикалық парламентшілер халықаралық парламентаралық іс-шаралар барысында кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Азия-Тынық мұхиты елдері парламентшілерінің Қоршаған орта және даму мәселелері жөніндегі 10-шы Бас Ассамблеясының (Мексика, 2003 ж., қараша) және Мехикодағы Парламентаралық Одақтың 110-шы Ассамблеясының (2004 ж., сәуір) алаңдарында.
2015 жылғы 22-23 маусымда Мексика Конгресі Сенатының Халықаралық істер комитетінің төрағасы Г.Куэвас Баронның Қазақстанға сапары өтті. Сапар барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасымен, Сыртқы істер министрімен, Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасымен, сондай-ақ қазақстандық ведомстволардың басқа да басшыларымен кездесулер өтті.
Мексика Депутаттар палатасының бас Конгресінде «Қазақстан-Мексика» Достық тобы жұмыс істейді. Топтың төрағасы – MORENA басқарушы партиясының депутаты Х.М.де Ла Круз Лима. 2023 жылғы қыркүйекте Достық тобының кезекті үшінші отырысы өтті.
Тығыз өзара іс-қимыл сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша жүзеге асырылады. Екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында тұрақты негізде саяси консультациялар өткізіледі. Үшінші отырыс 2022 жылғы желтоқсанда Мехико қаласында екі елдің департаменттерінің директорлары деңгейінде өтті. Кезекті саяси консультацияларды өткізу 2025 жылы жоспарланған.