Меню

Страницы

Статья

Памятка для граждан РК, выезжающих за рубеж

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Бахрейн Корольдігіне шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасында визалық режим қолданылады.

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.

Кедендік бақылау:

  •  

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
  • «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

  •  

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Бахрейн Корольдігінде болған уақытта Сізге оның заңдарының күші қолданылады, оларды қатаң сақтауға міндетті, келген елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды.
  • Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстаныңыз, қоршаған ортаға сәйкес өз мінез-құлқыңызды түзетіңіз, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаңыз.
  • Шет тіліндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін білу сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді, сондай-ақ жергілікті халық оны қолдайды.
  • Ел туралы қосымша ақпаратпен: саяси ахуалмен, климаттық жағдайлармен, заңдармен және ұлттық дәстүрлермен, қоғамдық және өзге де орындардағы мінез-құлық ерекшеліктерімен танысыңыз.

Пайдалы ақпарат:

  • Мобильді карталарды алдын ала орнату - Google maps.
  • СИМ-картаны сатып алу немесе роумингті қосу қажеттілігі.

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Дата публикации
23 июня 2025
Дата обновления
24 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 июня 2025
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
23 июня 2025
Ставки консульского сбор
Ақпарат
23 июня 2025
Памятка для граждан РК, выезжающих за рубеж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары