Меню

Страницы

Статья

Қайталама куәліктер мен анықтамаларды есепке алу

БЕРІЛЕТІН АНЫҚТАМАЛАР:

  • туу туралы қайталама куәлік беру;
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік беру;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік беру;
  • қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру;
  • туу туралы анықтама беру;
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беру;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама беру;
  • қайтыс болуы туралы анықтама беру;
  • некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру.
  • Туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш.
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін).
  • Туу/некеге тұру/некені бұзу/қайтыс болу туралы алғашқы куәлік (бар болса).
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • 3 жұмыс күні;
  • АХАЖ АЖ-да акт жазбасы болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3  күнтізбелік күн ішінде (өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде) хабардар ете отырып, күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • 25 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі,жұма және сенбі мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:00-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін.

Мекен-жайы:Бахрейн Корольдігі, Манама қаласы, Ал Калах аймағы, 438-блок, 3863-көше, 3611-ғимарат.

Телефон арқылы хабарласыңыз: +(973) 1725 7845 және / немесе электрондық пошта: consul.manama@gmail.com.

Дата публикации
16 июня 2025
Дата обновления
23 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 июня 2025
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
23 июня 2025
Ставки консульского сбор
Ақпарат
23 июня 2025
Памятка для граждан РК, выезжающих за рубеж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары