GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
16 октября 2026
Қазақстан Конституциясы мен Конституциялық Сот туралы заңның аудионұсқалары қолжетімді

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Конституцияның және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудионұсқаларын әзірледі.

Бұл бастама құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған. Аудионұсқалар қалың жұртшылыққа, соның ішінде шетелдік тыңдармандарға Қазақстан Конституциясының негізгі ережелерімен және Конституциялық Сот қызметінің құқықтық негіздерімен танысуға мүмкіндік береді.

Аудиоматериалдар Конституциялық Соттың ресми сайтында қолжетімді:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/247111?lang=en,

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/248246?lang=en

Ресми ресурстар: сайт · Telegram · Instagram · Facebook

Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
16 октября 2026
Қазақстанға кіруге арналған электрондық рұқсат (ETA)

Қазақстанда визасыз келетін шетел азаматтарына арналған электрондық кіру рұқсаты (ETA) кезең-кезеңімен енгізілуде. Рұқсат «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы тегін рәсімделеді.

2027 жылғы 30 маусымға дейін ETA рәсімдеу ұсынымдық сипатта болады. 2027 жылғы 1 шілдеден бастап ол Қазақстанға визасыз кіру құқығы бар мемлекеттердің азаматтары үшін міндетті болады.

05 октября 2026
Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің автокөліктерін сату жөніндегі аукцион

Сауда — саттықты ұйымдастырушы-Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі (сәйкестендіру нөмірі N0791002I), заңды мекенжайы: Мадрид қаласы, Лос Мадроньос даңғылы 43, 28043 — автомобильдерді сату бойынша ашық аукцион өткізілгені туралы хабарлайды.

Сауда-саттық әдіспен жүзеге асырылады: бағаны көтеру. Аукцион 2026 жылдың 20 қазанда сағат 11.00-де өтеді Мадрид, 28043, Лос-Мадроньос даңғылы, 43.

Сату объектілері (лоттар) туралы мәліметтер:

№1 Лот:

Жеңіл автомобиль Бренд: Mercedes - Benz ML 350 Bluetec

Түсі: Қара Көк,

Шығарылған жылы: 2013 ж.

Жүгіру: 187 057 шақырым

Қозғалтқыш көлемі: 2987 см3, дизель

Жалпы жағдайы: техникалық ақаулы, қозғалтқыш пен беріліс қорабын жөндеу қажет

Бастапқы бағасы: 2800 (екі мың сегіз жүз) Еуро 00 цент.

Бастапқы бағаның 15% кепілдік жарнасы: 420,00 (төрт жүз жиырма) Еуро.

5% көтеру аукционының қадамы: 140,00 (жүз қырық еуро) еуро.

№2 Лот:

Жеңіл автомобиль Бренд: Volkswagen Passat

Түсі: Қара,

Шығарылған жылы: 2014 ж.

Жүгіру: 201 020 шақырым

Қозғалтқыш көлемі: 1968 см3, дизель.

Жалпы жағдайы: техникалық ақаулы, жөндеу қажет

Бастапқы бағасы: 3 400,00 (үш мың төрт жүз) Еуро 00 цент.

Бастапқы бағаның 15% кепілдік жарнасы: 510,00 (бес жүз он) Еуро.

5% көтеру аукционының қадамы: 170,00 (жүз жетпіс) Еуро.

Қатысу шарттары және өтінімдерді беру тәртібі:

  1. Аукционға қатысуға өтінімді уақтылы берген және кепілдік жарнаны енгізген жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.
  2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Мадрид қаласы, 28043, Лос Мадроньос даңғылы, 43.
  3. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 қазанға дейін сағат 17.30-ға дейін.
  4. Ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.
  5. Жеңімпаздың кепілдік жарнасы автомобильдің сатып алу құнына есептеледі. Қалған қатысушыларға жарналар 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
  6. Қатысу үшін ұйымдастырушының мекен-жайы бойынша ұсыну қажет:
  7. Белгіленген нысан бойынша өтінім.
  8. Жеке тұлғалар үшін-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Заңды тұлғалар үшін-заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың және Испания Корольдігінің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  9. Кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.
  10. . Сауда-саттыққа қатысушылар осы хабарландырумен, Шарттың жобасымен мұқият танысып, кепілдік жарнаны төлеу және өтінімдер беру алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексеруге міндетті. Қатысушылар автокөлікті жақсартуды, түзетуді немесе жөндеуді, сондай-ақ қандай да бір салықтар мен алымдардан, сондай-ақ тіркеуді немесе меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты өзге де шығыстардан босатуды сұрай алмайды.
  11. Егер сауда-саттықтың жеңімпазы Шарттың талаптарын белгіленген мерзімде орындамаса, ол көлік құралын сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі және кез келген енгізілген төлемдер, соның ішінде кепілдік жарна қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аударғаны үшін банк комиссиясы сауда-саттыққа қатысушыларға қайтарылмайды. Сауда-саттықта сөз байласуға (bid rigging) және заңсыз араласудың кез келген басқа түріне қатаң тыйым салынады.

 

Кепілдік жарнаны аудару үшін деректемелер:

Алушы: Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігі

Мекен-жайы: Мадрид, Лос-Мадроньос даңғылы, 43

Сәйкестендіру нөмірі: N0791002I

Есеп айырысу шоты: ES40 0049 1555 142810099492

Алушы Банкі: Banco Santander

Swift: BSCHESMMXXX

Төлемнің мақсаты: № лот бойынша аукционға қатысқаны үшін кепілдік жарна (нөмірін көрсету).

Сатып алушының міндеттері және автомобильдерді алу:

Ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушы сауда-саттық аяқталғаннан кейін аукцион қорытындылары туралы хаттамаға дереу қол қоюға міндетті. Сатып алушы автокөліктің толық құнын (бұрын төленген кепілдік жарнаны шегергенде) сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударуға міндетті. Меншік құқығын қайта ресімдеу, салықтарды (әкімшілік алымдарды) кедендік баждарды және автомобиль сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі барлық шығыстарды сатып алушы толық көлемде көтереді.

Мүлікпен танысу және байланыс:

Автокөліктердің техникалық жай-күйімен, құжаттар пакетімен танысып, өтінім бланкісін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Мадрид қ., 28043, Лос Мадроньос даңғылы 43 жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Анықтама телефоны: +34 917216290

Электрондық пошта: madrid@mfa.kz

 

25 сентября 2026
Қазақстан Испанияның Азиямен экономикалық байланыстарының жаңа архитектурасында

Мадрид, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері елшілері тобының (ASPAC) Төрағасы ретінде ASPAC елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен бірлесіп, Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ампаро Лопеспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Испанияның 2026–2029 жылдарға арналған Азия-Тынық мұхиты өңірі жөніндегі стратегиясын іс жүзінде іске асыру аясында Мадридтің АТР елдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасылды.

Д. Мұсаев Испанияның азиялық бағытқа артып келе жатқан назарын құптап, экономикалық өзара іс-қимылға неғұрлым практикалық сипат беруге деген ортақ мүдделілікті атап өтті. Перспективалы бағыттар қатарында сауда ағындары мен жеткізу тізбектерін әртараптандыру, көлік байланыстылығын дамыту, өзара инвестицияларды ынталандыру және испан бизнесінің өңір елдеріндегі жобаларға белсенді қатысуы атап өтілді.

Орталық Азия тұрғысында қазақстандық дипломат өңірдің Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыстылықты нығайтудағы стратегиялық маңызын атап өтті. Қазақстан өзінің географиялық орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы және инвестициялық әлеуеті арқасында Испанияның өңірмен экономикалық байланыстарын кеңейтуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Испания мен Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға және тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады.

23 сентября 2026
Абай мұрасы және оның қазіргі Қазақстан үшін маңызы Мадридте талқыланды

Мадрид, 2026 жылғы 22 қыркүйек – Мадридтегі «Casa Asia» орталығында Қазақстан Елшілігі «Casa Asia» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған «Абай Құнанбайұлы: қазіргі Қазақстандағы әдебиет, ой-пікір және мұра» атты мәдени-ағартушылық іс-шара өтті. Кездесу ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысының шығармашылық әрі философиялық мұрасына, сондай-ақ оның идеяларының XXI ғасырдағы өзектілігіне арналды.

Іс-шараға Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев, Испания Дипломатия академиясының толық мүшесі әрі «Дипломатия және азаматтық қоғам» форумының директоры Хосе Луис Изагирре, сондай-ақ испандық академиялық, мәдени және қоғамдық ортаның өкілдері мен әдебиет және мәдениетаралық байланыстар саласындағы сарапшылар қатысты.

Өз сөзінде Д. Мұсаев Абай мұрасы қазақстандық қоғам үшін өнегелік әрі интеллектуалды бағдар болып қала беретінін атап өтті. «Біз үшін Абай өткен шақта қалып қойған жоқ. Ол – біздің рухани бағдарымыз бен сұхбаттасымыз, оның идеялары бүгінде бұрынғыдан да өзекті», – деп атап өтті Елші.

Абайдың адам табиғаты, адамгершілік пен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы толғанған «Қара сөздеріне» ерекше назар аударылды. Ағартушының білім мен адал еңбекті қоғамдық прогрестің негізі ретінде көргені баса айтылды.

Д. Мұсаев Абай идеяларын Қазақстан дамуының қазіргі кезеңімен байланыстырып, саяси және экономикалық қайта құрулар берік моральдық негіздерге сүйенуі тиіс екенін атап өтті. Осы контекстте жеке жауапкершілікке, заңға деген құрметке және білімге ұмтылысқа негізделген «Адал азамат» және «Толық адам» тұжырымдамалары таныстырылды. Сонымен қатар табиғатқа және қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау мәдениетін дамытатын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы атап өтілді.

Пікірталас барысында қатысушылар Абайдың қазақ әдебиеті мен қоғамдық ой-пікірінің дамуына қосқан үлесі, оның гуманистік идеяларының әмбебап сипаты және мәдениетаралық диалогтың маңызы туралы пікір алмасты.

Іс-шара Қазақстан Елшілігі мен «Casa Asia» ұйымының Испанияда қазақстандық мәдениетті танымал ету және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту бойынша бірлескен жұмысының жалғасы болды.

 

21 сентября 2026
Мадридте Қазақстанның Еуропалық Парламентпен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

Мадрид, 2026 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Еуропалық Парламенттің депутаты Франсиско Мильян Монмен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстанның Еуропалық Одақпен, соның ішінде Еуропалық Парламентпен өзара іс-қимылының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты. Саяси диалогты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін іске асыруға ерекше назар аударылды.

Д. Мұсаев еуропарламентшіні жаңа Конституцияның күшіне енуі және бір палаталы Құрылтайға өткен сайлаудан кейінгі Қазақстандағы саяси жаңғырудың жаңа кезеңімен таныстырды. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар өкілді институттарды одан әрі нығайтуға, азаматтардың саяси үдерістерге қатысуын кеңейтуге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Тараптар сондай-ақ көлік байланыстылығын арттыруға, Орта дәлізді дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аудара отырып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады. Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы маусым айында Брюссель қ. сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығы ескерілді.

Ф. Мильян Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың дәйектілігіне оң баға беріп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалогты одан әрі дамытуға уағдаласты.

15 сентября 2026
Қазан айында Астанада Қазақстан мен Қасиетті Тақтың балаларды қорғау мәселелері жөніндегі II бірлескен коллоквиумы өтеді

2026 жылғы 2–3 қазанда Астанада Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясы мен Орталықтың II бірлескен коллоквиумын өткізеді. Коллоквиумның басты тақырыбы осал топтарға жататын балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау.  

Коллоквиум Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы 2024 жылғы сәуірде басталған диалогтың жалғасы болмақ. Аталған диалог Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Ватиканға жасаған сапары аясында өткен алғашқы бірлескен кездесуден бастау алған. 

Коллоквиум жұмысына Қазақстан мен Қасиетті Тақтың ресми өкілдері, дін қайраткерлері, педиатрия, биоэтика және теология саласындағы мамандар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады. Іс-шараға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы және Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті кардинал Джордж Джейкоб Кувакад тең төрағалық етеді.

Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды: балаларға қамқорлық көрсетудің адамгершілік негіздері және дінаралық ынтымақтастық, науқас балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, медициналық, ғылыми және институционалдық ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар педиатриядағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оны қолданудың этикалық қағидаттарына ерекше назар аударылады.

Талқылаудың негізгі бағдарларының бірі адам қадір-қасиетін құрметтеу, балаға кешенді көмек көрсету және отбасын қолдау қағидаттарына негізделген Жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясы болады. Қазақстан тарапы сондай-ақ күрделі жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетудің практикалық үлгісі ретінде «Жусан» гуманитарлық операциясының тәжірибесін таныстырады.

Коллоквиумды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін 2026 жылғы 20 қыркүйекке дейін аккредиттеуден өтуге шақырамыз.

Аккредиттеуден өту үшін communications@iciid.org электрондық пошта мекенжайына хабарласуды сұраймыз.

Өткізілетін күні: 2026 жылғы 2–3 қазан

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, 1қабат

Іс-шараның басталуы: сағат 10:30.

 

 

15 сентября 2026
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтеді

2026 жылғы 7 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтеді. Диалог алаңында әлемдік және дәстүрлі діндер – ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм, даосизм, синтоизм және бахаи діндерінің лидерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекет қайраткерлері және әлемнің 20 елінен жетекші сарапшылар жиналады.

XXIV Хатшылық отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде бастамашылық еткен және қатысушылар қолдаған екі халықаралық құжатты қарау және қабылдау. Олар: «Жасанды интеллектті діни салада пайдаланудың этикалық кодексі» және «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі».  

 Жеке мәселе ретінде Жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясы таныстырылады. Құжатта баланың қадір-қасиетін қорғауға, оған ізгілікпен қарауға басымдық беріліп, сондай-ақ қажетті медициналық және психологиялық көмек алу құқығы бекітіледі. Сонымен қатар, тиісті сұраныс болған жағдайда баланың діни және дүниетанымдық қажеттіліктерін ескере отырып қолдау көрсету көзделген. 

XXIV Съезд Хатшылығының ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін аккредиттеуден өтуге шақырамыз. Аккредиттеуден өту үшін communications@iciid.org  электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.

Өткізілетін күні: 2026 жылғы 7 қазан.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және келісім сарайының баспасөз орталығы.

Іс-шараның басталуы: сағат 10:00.

07 сентября 2026
Шетелде оқитын қазақстандық студенттердің назарына: МӘМС жүйесінде eGov.kz порталы арқылы тіркелу

Қазақстан Республикасының Елшілігі шетелдік оқу орындарында күндізгі нысан бойынша білім алып жатқан ҚР азаматтарының назарына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу тәртібі туралы ақпаратты жеткізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Дегенмен, шетелде білім алып жатқан азаматтар «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін өздерінің студенттік мәртебесін растауы қажет.

Тіркелуден өту жолы:

  1. eGov.kz электрондық үкімет порталына кіріңіз.
  2. «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» қызметін таңдаңыз.
  3. Қажетті мәліметтерді толтырып, шетелдік оқу орнында оқитыныңызды растайтын құжатты (оқу нысаны мен мерзімі көрсетілген оқу орнынан анықтама) жүктеңіз.

Назар аударыңыз: Тіркеуден уақытылы өту қажет (соның ішінде оқуға түскен кезде немесе келесі курсқа ауысқанда). Әйтпесе, Қазақстанға келген кезде МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алуда шектеулер туындауы мүмкін.

Студенттер мен олардың ата-аналарынан бұл процедураға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.

 

05 августа 2026
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет байқауы

«Отандастар қоры» шетелде тұратын этникалық қазақ балалары арасында «Қазақстан – менің көзіммен» атты халықаралық онлайн сурет салу шығармашылық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – балалардың Қазақстан туралы көзқарасын, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық арқылы бейнелеу, сондай-ақ олардың тарихи Отанымен рухани байланысын нығайту.

👦👧 Қатысушылар: 12–17 жас аралығындағы, шетел азаматы болып табылатын этникалық қазақ балалары.
📅 Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 тамызға дейін.
📩 Жұмыстарды жіберу: oqbaiqau@gmail.com
🏆 Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қазақстанды өз көзіңмен бейнеле және шығармашылығыңмен бөліс!

Байқауды өткізу туралы ереже

Социальные сети
Официальная страница Посольства РК в Испании в фейсбуке
Twitter account
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары