
Мадрид, 2025 жылғы 28 ақпан - Леганес қаласында (Мадрид автономды қауымдастығы) Ригоберта Менчу атындағы азаматтық орталықта Луис Мигель Баян Бравоның Қазақстанға арналған фотокөрмесі ашылды.
«Born Bold» құндылықтарын дәріптеу мақсатында көрмеде Қазақстан, оның мәдениеті мен халқы, соның ішінде өткен жылы қыркүйекте өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан қазақ әйелдері мен балалары туралы баяндайтын фотосуреттер ұсынылды.
Көрмеге келушілерге Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Қазақстанның жетістіктері, еліміздің әлемдік сахнадағы рөлі мен мәртебесі, адам құқықтары саласындағы реформалары, сондай-ақ туристік мүмкіндіктері және Қазақстан халықтары ассамблеясының 30 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлова мен композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жылдықтары және композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығы туралы айтып берді.
Көрменің ашылу салтанатына Леганес қаласының мэрі Мигель Анхель Рекуэнко Чека, іс-шараны үлкен қызығушылықпен қабылдаған мәдениет саласының және жалпы жұртшылықтың өкілдері қатысты.
Фотокөрме 2025 жылдың 27 наурызына дейін жалғасатын болады.