
Мадрид, 2025 ж. 21 ақпан – Қазақстан Елшілігі саясат, экономика және халықаралық қатынастар саласындағы көрнекті испан сарапшыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.
Іс-шараға Испанияның IE University, Мадрид автономиялық университеті және CEU San Pablo сияқты жетекші университеттерінің профессорлары қатысты.
Талқылаудың басты тақырыптары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген саяси жаңғыртуды, экономикалық өзгерістерді, адам құқықтары саласындағы реформаларды және еліміздің «орта держава» ретіндегі сыртқы саяси бағытын қоса алғанда, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтары болды.
Қатысушылар жүргізіліп жатқан саясаттың жүйелілігін және оның Қазақстан халқының мүдделеріне бағдарланған практикалық бағытын атап өтті.
Қазақстанның халықаралық бастамаларына, соның ішінде елдің негізгі халықаралық ұйымдарға төрағалық етуіне, БҰҰ жанындағы биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы ұсынысқа, сондай-ақ ядролық қарусыздану саласындағы күш-жігерге ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Астана халықаралық форумы жаһандық сын-қатерлерді талқылау және ұжымдық шешімдерді іздеу үшін маңызды алаң ретінде қаралды.
Сарапшылар Қазақстанның әлемдік күн тәртібіне қосқан белсенді үлесіне және оның өзекті халықаралық мәселелерді шешудегі өсіп келе жатқан рөліне ерекше мән берді.
Іс-шара соңында қатысушылар ағымдағы күн тәртібін және екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.