
1991 жылы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигоны - Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. КСРО кезінде қабылданған бұл шешім әлемдік тәжірибеде бірінші және бүгінгі күнге дейін орын алмаған, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға және әлемдегі әскери және саяси шиеленісті төмендетуге қосқан үлкен үлесі болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Кеңес Одағынан мұра ретінде қалған ядролық қарудан бас тартты, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде қатысушысы болды және Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің алғашқысы болып осы маңызды құжатты ратификациялады.
Семей ядролық полигонының жабылғанынан 18 жыл өткен соң, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн деп жариялау туралы қарар қабылдады.
2012 ж. 27-29 тамызда Астана, Семей және Курчатов қалаларында өткізілген «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты халықаралық конференцияның мінберінен Президент Н.Ә. Назарбаев «АТОМ» халықаралық жобасының (Abolish Testing: Our Mission) басталғанын жариялады. Ол барлық ізгі ниетті адамдарды ядролық сынақтарды тамырынан тоқтатуға шақыратын әлем үкіметтеріне электронды петицияға қол қойып, осы бастаманы қолдауға шақырды.
2015 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпы декларацияны қабылдады.
2016 жылғы 7 қазанда, Қазақстан Президентінің Жарлығымен екі жылда бір рет берілетін «Ядролық қарусыз әлем үшін және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы». Сыйлық ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуге және әлемдік қақтығыстарды шешуге елеулі үлес қосқан көшбасшылар мен ұйымдарға беріледі. Алғашқы сыйлық Таяу Шығыста жаппай қырып-жою қаруынан бос аймақ құруға және сириялық босқындарды қабылдауға қолдау көрсеткені үшін Иордания Королі Абдалла II берілді.
2017 жылғы 29 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев пен МАГАТЭ-нің Бас директоры Ю.Аманоның қатысуымен Үлбі металлургия зауыты негізінде МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі ғимаратының салтанатты ашылуы болды. Банктің орналасуына өз жерін ұсына отырып, Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға күшейтуге және МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерге төмен байытылған уранды жеткізудің жаңа механизмін құруға келесі үлесін қосты.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің таратпау саласындағы айтқан бастамалары мен ұсыныстары оның жаһандық қауіпсіздіктің кешенді жүйесі тұжырымдамасына дәйекті түрде өзгертілді. Ол өзінің жинақталған сөзін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестінде орын тапты. Манифест БҰҰ Бас ассамблеяның және Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды, сондай-ақ Президенттің 2017 жылғы 1 қаңтардағы Қауіпсіздік Кеңесіне берген саяси үндеуінде баяндалды.
2018 жылғы қаңтарда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығының басты оқиғасы ретінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбында жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг болды. Пікірсайыс нәтижесінде таратпау жанжалдың алдын алудың жан-жақты стратегиясының негізгі элементі ретінде танылып, бұл тақырып саяси міндетті құжатқа - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының мәлімдемесіне енгізілді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен әзірленген Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін іс-қимыл кодексіне қазіргі таңда 80-нен астам мемлекет қол қойды.
2020 жылғы 26 тамызда БҰҰ Бас ассамблеясының Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне орай ұйымдастырылған арнайы сессиясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ядролық сынақтарсыз әлем үшін чемпион» мәртебесі берілді. Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беруді Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Л.Зербо бастама көтеріп, Елбасының бастамасымен Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосқан ерекше тарихи үлесін ескере отырып бастамашылық етті.