Астана-Мадрид, 2025 ж. 17 қаңтар – Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен «Элькано» Корольдік халықаралық және стратегиялық зерттеулер институты арасында онлайн-кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚСЗИ директоры Еркін Тұкымов пен «Элькано» директоры Чарльз Пауэлл, сондай-ақ Қазақстан мен Испанияның талдау орталықтарының жетекші сарапшылары қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар қазақ-испан қатынастарының қазіргі жай-күйін және сараптамалық диалогты жолға қою арқылы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қоса алғанда, көптеген мәселелерді талқылады.
Қазақстандық тарап халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша өзара түсіністікті қалыптастыру үшін зерттеу мекемелерінің рөлін атап өтіп, екіжақты байланыстарды арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Корольдіктің жетекші «think tank» орталығының өкілдері Қазақстанның Испаниямен әріптестік қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, өзара іс-қимылды нақты алаңдарда одан әрі дамытуды ұсынды.
Іс-шара соңында қатысушылар жалпы сын-қатерлерді шешу және екі ел арасындағы диалогты ілгерілету үшін белсенді жұмысты жалғастыру ниетін растады.