
Мадрид, 2024 ж. 13 қараша – Қазақстанның Елшісі Данат Мұсаев IE University беделді испан университетінде «Kazakhstan's Path to Stability» және Хуан Карлос Корольдік университетінде «Institutional system and reform process in Kazakhstan: geopolitics and integration in Central Asia» атты конференцияларда сөз сөйледі.
Д.Мұсаев өз сөздерінде Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарын, еліміздің әлемдік аренадағы табысты бастамаларын, сондай-ақ мемлекеттің түрлі салалардағы экономикалық мүмкіндіктерін атап өтті.
Елші Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЕАЭО сияқты халықаралық ұйымдардың жұмысындағы белсенді қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол ТМҮ, ШЫҰ, АӨІСШК, ҰҚШҰ және АТҚИҰ-дағы қазақстандық төрағалыққа жеке тоқталып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің рөліне көңіл аударды.
Іс-шара соңында қазақстандық дипломат қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.