
Мадрид, 2024 жылғы 11 қараша – Қазақстанның Елшісі Данат Мұсаев Испанияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – СЕУ Сан-Пабло университетінің гуманитарлық ғылымдар және қоғаммен байланыс факультетінің студенттеріне қонақ дәріс оқыды.
Қазақстандық дипломат өз сөзінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихындағы негізгі сәттер туралы егжей-тегжейлі тоқталды.
Атап айтқанда, Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына, белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына және белгілі батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Д.Мұсаев тыңдаушыларға Қазақстанның «орта держава» ретіндегі қазіргі сыртқы саяси бағытының басымдықтары,
сондай-ақ халықаралық алаңдарда, оның ішінде АӨСШК шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету туралы айтып берді.
Іс-шара соңында Елші ЖОО студенттерінің сұрақтарына жауап берді.