Қазақстан-Испания Үкіметаралық комиссиясының жаңа тең төрағасымен кездесу туралы

Қазақстан-Испания Үкіметаралық комиссиясының жаңа  тең төрағасымен кездесу туралы

Мадрид, 2024 жылғы 4 қараша – Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы – Қазақстан-Испания Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Ампаро Лопеспен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын егжей-тегжейлі, сондай-ақ, 2025 жылы Мадридте жоспарланған «ҚР-Испания» Үкіметаралық аралас комиссиясы мен Іскерлік кеңесінің отырыстарына дайындық барысын талқылады.

Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету және тауарлар номенклатурасын кеңейту үшін қолда бар әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар, келіссөздердің бөлек тақырыбы баламалы логистикалық маршруттарды, оның ішінде Транскаспий көлік бағытын кеңейту және пайдалану мәселелері болды.

Кездесу соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.