Испания депутаттары Қазақстанмен парламентаралық диалогты ілгерілетуге ниетті

Испания депутаттары Қазақстанмен парламентаралық диалогты ілгерілетуге ниетті

Мадрид, 2024 ж. 15 қазан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Депутаттары Конгресі Сыртқы істер комитетінің мүшелерімен кездесу өткізді. Испан тарабын Комитет төрағасы Хуан Карлос Руис басқарды.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар ағымдағы екіжақты күн тәртібін,
сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық дипломатияны жандандыру жолдарын талқыланды.

Д.Мұсаев Конгресс мүшелерін ауқымды саяси реформалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етіп, жүргізіліп жатқан қайта өзгерістер шеңберінде Қазақстан Парламентінің өкілеттіктерін кеңейтуді және оның рөлін арттыруды ерекше атап өтті.

Депутаттар ҚР-дағы демократиялық процестердің дамуын оң бағалап, елімізбен парламентаралық байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында тараптар қазақ-испан қатынастарын нығайту мақсатында жұмыс байланыстарын сақтауға келісті.