Мадридте Қазақстан мен Испания арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Мадридте Қазақстан мен Испания арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Мадрид, 2024 ж. 10 қазан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық ұйымдар және адам құқықтары жөніндегі Бас директоры Сесилия Роблеспен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар көпжақты дипломатия тұрғысынан өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді».

Елші Қазақстанның халықаралық құрылымдар шеңберінде ілгерілеп келе жатқан соңғы бастамаларына егжей-тегжейлі айтып берді. Д.Мұсаевтың айтуынша, олардың көпшілігін іске асыру үшін өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажет болады.

С.Роблес қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ҚР-дың көпжақты алаңдардағы қызметін оң жағынан атап өтті. Испандық дипломат Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктеріне ерекше көңіл аударды.

Тараптар көпжақты бағытта ҚР мен Испания арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға негіз болатын диалогты жалғастыру туралы келісті.