Мадридте Қазақстан Президентінің Жолдауы мен «Батыл болмыс» науқаны таныстырылды

Мадридте Қазақстан Президентінің Жолдауы мен «Батыл болмыс» науқаны таныстырылды

Мадрид қаласы, 2024 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігі еліміздің туристік, инвестициялық және мәдени әлеуетін ілгерілету мақсатында «Сан Себастьян» Испанияның Корольдік садақ ату федерациясының атыс алаңында испандық бизнес, туризм, мәдениет, спорт және БАҚ өкілдерінің, сондай-ақ қабылдаушы елде тұрып жатқан қазақстандық отандастар мен студенттердің қатысуымен іс-шара өткізді.

ҚР-дың Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері, Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі туралы айтты.

Сонымен қатар, қазақ дипломаты еліміздің көне тарихы мен мемлекеттілігі туралы баяндап, оның шеңберінде Жошы ұлысының құрылғанының 800 жылдығына, көрнекті тұлғалар – атақты ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы және белгілі батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың туғандарына 100 жылдықтарына жеке тоқталды.

«Born Bold» науқаны аясында елдің экономикалық өсуге, әлеуметтік прогреске және инновацияға серпінді, көреген көзқарасы туралы бейне-ролик көрсетіліп, ҚР-дың соңғы жылдардағы жетістіктері мен басымдықтарына баса назар аударылды.

Қонақтақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақтың күйлері ойнатылып, «садақ ату», «асық ату», «тоғызқұмалақ», «арқан тарту» және т.б. дәстүрлі спорт түрлерінен өздерің сынап көруге мүмкіндік берілді. Қатысушылар музыкалық композициялар мен әдет-ғұрыптарда айқын көрсетілген Қазақстанның бай тарихи және заманауи мұрасын жоғары бағалады.