
Мадрид, 2024 ж. 25 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенаты Сыртқы істер комитетінің төрағасы Хосе Игнасио Ландалусемен және ИК жоғарғы палатасының басқа депутаттарымен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.
Д.Мұсаев парламентшілерді Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауының негізгі тармақтарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Өз кезегінде, испандық депутаттар жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағаланды. Сенаторлар Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, қазақ-испан қатынастарын тереңдету үшін парламентаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты күн тәртібін одан әрі кеңейту жөніндегі нақты қадамдар туралы уағдаласты.