Қазақстан Елшісі Андорраның Тең Князіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Андорраның Тең Князіне сенім грамоталарын тапсырды

Париж, 2024 ж. 17 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы және Андорра Княздігінде қоса атқарушы Елшісі Данат Мұсаев Андорраның Тең Князі – Француз Республикасының президенті Эмманюэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіздерін жеткізіп, Д.Мұсаев Князьдікпен 2008 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықтың дәстүрлі достық сипатын атап өтті.

Өз кезегінде Э.Макрон 2023 жылы Қазақстанға жасаған сапарын ықыласпен еске алып, Мемлекет басшысына өзінің ізгі тілектерін жолдады. Сұхбат соңында Франция Президенті Д.Мұсаевқа жауапты дипломатиялық миссияда табыс тіледі.

Елші Д.Мұсаевтың Андорраның Сыртқы істер министрі Имма Тор Фауспен жеке кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын белгіледі.