Қазақстан мен Испания халықаралық ұйымдар аясында және жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Испания халықаралық ұйымдар аясында және жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Мадрид, 2024 ж. 24 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігінің Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас директоры Альберто Хосе Уселаймен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы, атап айтқанда жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екі елдің өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.

Осы тұрғыда Д.Мұсаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасының маңыздылығын атап өтіп, испандық тараптың бастама бойынша жоғары бағасы алынды.

Тараптар екі мемлекеттің де жаһандық сын-қатерлерді шешуде көпжақты көзқарас қағидаттарын ұстанатынын және халықаралық құқық пен тәртіпті нығайтуды жақтайтынын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Елші Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретіндегі жоғары маңыздылығын атап өтті және халықаралық ұйымдар аясында да, екіжақты негізде де әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.