Испан университетінің филиалын Қазақстанда ашу мүмкіндіктері

Испан университетінің филиалын Қазақстанда ашу мүмкіндіктері

Мадрид қ., 2024 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испан университеттерінің ректорлар конференциясының (CRUE) президенті – Ұлттық қашықтықтан білім беру университетінің (UNED) ректоры Рикардо Майрал Усонмен кездесу өткізді.

Тараптар екі ел арасындағы жоғары білім саласындағы өзара іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, перспективалы бағыттарда қос диплом бағдарламаларын құру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Елші ү.ж. 17-19 сәуірде өткен испандық жоғары оқу орындарының Қазақстанға сапарының қорытындыларын және Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде Р.Майрал өзара тиімді жобаларды іске асыру, соның ішінде Қазақстанда UNED өкілдігін ашу бойынша бірлескен жұмыстарын қарастыруға дайындығын білдірді.

Сұхбат соңында тараптар аталған бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.