Елбасының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында испан тіліндегі қазақстандық кітаптарды Испанияның Ұлттық кітапханасына салтанатты түрде тапсырылуы өтті

Елбасының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында испан тіліндегі қазақстандық кітаптарды Испанияның Ұлттық кітапханасына салтанатты түрде тапсырылуы өтті

МАДРИД – 29 маусым. Елбасының 80 жылдығы қарсаңында, Испанияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі испан тіліне аударылған Нұрсұлтан Абішұлы Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстандық жол», «Тәуелсіздік дәуірі» кітаптарың, сондай-ақ шетелдік авторлардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы жарияланымдарын Испанияның Ұлттық кітапханасына салтанатты түрде тапсырды.

Өз сөзінде Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов Елбасының «қазақстандық бағытты» қамтамасыз етуге және еліміздің заманауи, дамыған мемлекетке айналуына қосқан үлесін атап өтті.  Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бітімгер және саясаткер ретіндегі қызметіне ерекше назар аударды, оның ауқымды бастамалары қауіпсіз әлем құруға белгілі үлес қосты.

Кітапхананың бай кітап қоры Қазақ хандығының тарихы туралы испан тіліндегі кітаптармен, қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясы жинақтарымен (алпыстан астам автордың аудармалары), сонымен қатар қазіргі Қазақстан туралы әдебиеттермен толықтырылды.

Испан тілінде Абайдың «Қара сөздерінің» нұсқасы мен Президент К.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы бар брошюраны ұсына отырып, Қ.Жигалов жиналушыларға Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен өмірі еліміздің мәдени және рухани саласын дамытудағы рөлі туралы хабарлады,  Абайдың 175 жылдығын және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналған Қазақстанда және шетелде ауқымды шараларға тоқталып өтті.

Өз кезегінде Мәдениет істер жөніндегі директоры Анхель Мартинес Қазақстан туралы кітаптардың испан тілінде Испанияның Ұлттық кітапханасына берілуі алғашқы рет екенін атап өтіп, Қазақстан Елшілігіне шын жүректен алғысын білдірді және олар испан оқырмандарының Қазақстан туралы білімдерін кеңейтуге өз үлестерін қосатынына сендірді.

Анықтама: Испания Ұлттық кітапханасы 1712 жылы құрылған.  Оның коллекциясында 28 миллион данадан астам баспа жұмыстары, қолжазбалар, иллюстрациялар, суреттер, фотосуреттер, аудио жазбалар мен музыкалық сценарийлер бар.