
МАДРИД, 2020 жылғы 24 маусым. Ұлы Отан соғыстағы Жеңіс парады күні Мадридте қаза болған батырлар мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Сербия, және басқа мемлекеттердің Испанияда тіркелген Елшілері мен дипломаттары соғыс ардагерлерін еске алуға келді.
Салтанатты рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов «Қазақстанның фашизмді жеңуге қосқан ерекше үлесін атап өтті: «1 миллион 200 мың қазақстандық майданға аттанды, олардың жартысы оралмады. 500-ден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.
Қанды майдан жылдары Қазақстан жаулап алынған аумақтардан 532 мыңнан астам отандастарын және мәжбүрлеп жер аударылуға ұшыраған 2,5 миллион адамды қабылдады. Жүздеген өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістер Қазақстанға эвакуацияланды, мұнда тыл еңбеккерлері Ұлы Жеңісті жақындатты. Майданда жабдықталған он оқтың әрбір тоғызы қазақстандық қоладан жасалған болатын».
Сондай-ақ делегациялар Еуропаның азаттығы үшін жандарын қиған испан азаматтарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.