Мемлекеттік қызмет көрсету саласы Қазақстан мен Испания ынтымақтастығының перспективалық бағыты ретінде

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы Қазақстан мен Испания ынтымақтастығының перспективалық бағыты ретінде

Мадрид, 2024 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испанияның аумақтық саясат жөніндегі мемлекеттік хатшысы Аркади Эспанья Гарсиямен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді дамыту және өңіраралық ынтымақтастық салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен даму перспективаларын қарастырды.

Атап айтқанда, Елші еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму, іскерлік және инвестициялық ахуал, сондай-ақ Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Испанияның ЕО-дағы электрондық үкіметті қолдану жөніндегі көшбасшылық ұстанымын атап өтіп, цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді. «Invisible Governmen» тұжырымдамасы шеңберінде прогрессивті Мемлекеттік қызметтерді іске асыру, Қазақстанның электрондық үкіметі, «eGov mobile» мобильді қосымшасы, елдің цифрлық экожүйесінің дамуы әңгімелесушінің ерекше қызығушылығын тудырды.

Кездесу соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.