
Барселона, 2024 ж. 18-19 наурыз – Каталонияның жетекші «Barcelona Global» қауымдастығының және Халықаралық зерттеулер және дипломаттарды даярлау орталығының – «CEI International Affairs» шақыруымен Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев бірқатар Қазақстанға арналған іс-шараларға қатысты.
Аталған алаңдарда сөйлеген сөзінде Елші Испаниямен дәстүрлі достық қарым-қатынасты атап өтіп, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, еліміздегі шетелдік инвесторларға арналған преференциялар, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құрылтайда айтылған тезистері пікірталастың жеке тақырыбы болды.
Сонымен бірге конференция қатысушыларына қазіргі саяси және экономикалық сын-қатерлерді талқылау үшін маңызды алаңға айналатын
2024 ж. 13-14 маусымда жоспарланған Астана Халықаралық форумы туралы ақпарат жеткізілді.
Іс-шаралар қарсаңында Д. Мұсаев Халықаралық өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығына (AMEC) сұхбат берді.
Сонымен қатар сапар аясында Елші «Азия үйі» («Casa Asia», Испания СІМ-нің ведомстволық бағынысты ұйымы), «CEI International Affairs», «Barcelona Supercomputing Center», Каталонияның ірі бизнес-қауымдастығы «FOMENT», сондай-ақ «Roca Grupo», «Glovo» сияқты испандық жетекші және т.б. компаниялары басшылықтарымен бөлек кездесу өткізді.